Тапсырыс қалдыру
1980 жылы құрылған кезінен бастап, Herbalife Nutrition өз миссиясын теңгерімді тамақтану үшін сапалы өнім ұсыну арқылы өмірді жақсы жаққа қарай өзгерту деп біледі.

Бөлімдердің әрбірінен көбірек біліңіз!
Спорт СҰЛУЛЫҚ Салмақ КУЛИНАРИЯ
Біздің Intstagram-дағы парақшаларымызға жазылыңыздар!

Неге Herbalife Nutrition?

Бренд # 1


Herbalife Nutrition – әлемнің 94-тен астам елінде 40 жылдан бері адамдар өмірін жақсартып келе жатқан халықаралық компания. Не нәрсе Herbalife Nutrition компаниясын №1 брендке айналдырып отыр*? Салмақ азайтуға арналған тиімді жеке бағдарламалар ма? Әлде теңгерімді рацион жасаудағы баға жетпес тәжірибесі ме? Әрине, олар Herbalife Nutrition компаниясының ажырамас бөлігі болып табылады, дегенмен, бірінші кезекте Herbalife Nutrition – бұл адамдар. Өнім сапасының жақсы болғанын қалайтын адамдар, әлемді жақсартуды қалайтын адамдар.

Herbalife Nutrition-ның неге №1 бренд екендігі туралы толығырақ біліңіз.*

* 2017 жылғы Euromonitor Consumer Health 2018 деректері бойынша, салмақ азайтуға арналған өнімдер категориясында

Неге Herbalife Nutrition?

Өнімнің жоғары сапасы


Клиенттеріміз күн сайын 4,8 миллионнан астам Herbalife Nutrition протеин коктейлін ішеді! Адамдарды осындай өнім көлемімен қамтамасыз етуге қабілетті өндіріс үнемі мониторинг жасап отыруды талап етеді.

Барлық Herbalife Nutrition өнімдері әлемдік сапа стандарттарының талаптарына және таратылатын елдердің заң талаптарына толық жауап беретін қатаң бақылаудан өтеді.

Бұған компанияның Дүниежүзілік тікелей сауда ассоциациясы, Ресей тікелей сауда ассоциациясы, Тағамға биологиялық белсенді қоспалар өндірушілер одағы, AEB (Еуропалық бизнес ассоциациясы), Ұлттық диетологтар мен нутрициологтар ассоциациясы (ҰДНА, Ресей) секілді көптеген өнеркәсіптік, сауда және қоғамдық ұйымдарға қатысуы куә болады.

Сондай-ақ Herbaife Nutrition Диеталық/тағамдық өнім өндірушілер ассоциацияларының халықаралық альянсын құрушы болып табылады (IADSA).

Herbalife Nutrition өнімдерін өндіру Өндірістердің халықаралық тәжірибелерінің талаптарына, соның ішінде GMP (Good Manufacturing Practice) және «Сыни межелердегі тәуекелдерге талдау жасау» атты тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келеді (HAССP).

Неге Herbalife Nutrition?

Ғылыми негізде


Біздің жоғары сапалы өнімдеріміздің негізінде ғылыми тәсілдеме жатыр.

Herbalife Nutrition бүкіл әлемдегі жетекші мамандар мен институттардың көмегімен өз өнімдерін тұрақты түрде клиникалық сынақтардан өткізіп тұрады және олардың нәтижелерін өндіретін өнімдерінің сапасын үнемі жақсартып отыру үшін пайдаланады.

Жекелеп алғанда, Herbalife Nutrition өнімдерінің тиімділігін РМҒА Тамақтану ҒИИ 2014 жылы клиникалық зерттеу жүргізу нәтижесінде растады: компанияның тағам өнімдерін –«Формула 1» протеин коктейлін және «Формула 3» протеин қоспасын тұтыну арқылы салмақты азайту калориясы аз стандартты диетаға қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Зерттеу нәтижесі бойынша Ұлттық диетологтар мен нутрициологтар ассоциациясы бұл өнімдерді мақұлдады.

Барлық зерттеулер Хельсинки декларациясының этикалық принциптеріне, GСP (Good Clinical Practice, Тиісті клиникалық тәжірибе) ережелеріне және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Неге Herbalife Nutrition?

Нобель лауреаттары


Herbalife Nutrition өнімдерін жасау және жетілдіру процестеріне бүкіл әлемнен 300 ғалым қатысады, олардың 50-і – ғылым докторлары. Компания құрамында Ғылыми-консультациялық кеңес жұмыс істейді.

Қызметкерлер мен клиенттерге өз ісінің профессионалдары ретінде танылған тәжірибесі мол сарапшылардың үлкен штабы тұрақты түрде кеңес беріп отырады.

Herbalife Nutrition компаниясымен жұмыс істейтін ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының лауреаты да бар*.

Луи Игнарро Herbalife Nutrition ғылыми-консультациялық кеңесінің мүшесі ғана емес, ол жүрек-қан тамырлары жүйесі саласындағы әлем таныған сарапшы.

* Нобель академиясы, тәуелсіз ұйым ретінде, Herbalife Nutrition компаниясына ешқандай қатысы жоқ және қандай да бір Herbalife Nutrition® өнімдеріне қатысты кеңес бере немесе мақұлдай алмайды.

Неге Herbalife Nutrition?

Бүкіл әлемде жеке өндіріс


Herbalife Nutrition өнімдерінің сапа кепілі – өнім өндірудің әр сатысын қадағалап, сапа мен тиімділікке баса көңіл бөлуге мүмкіндік беретін жеке өндірісі.

Herbalife Nutrition өндірістің бүкіл процесін – қосындыларды алғаннан бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі процестерді басқаруға мүмкіндік беретін Seed to Feed стратегиясын ұстанады. Бұл өндірістің әрбір сатысында сапа деңгейін жан-жақты қадағалап отыруға көмектеседі..

Дайын өнім алуға арналған қосындылар планетамыздың экологиялық таза аудандарында мамандардың мұқият қадағалауымен өсіріледі. Одан кейін олар жақсылап іріктеліп, өңдеуден өткізіледі. Осы сатыда витаминдер мен пайдалы қосындыларына талдау, тазалылығы мен қауіпсіздігін тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Өнімдердің басым бөлігі АҚШ-тың Уинстон-Салем қаласындағы Инновациялар және өндіріс орталығында шығарылады. Барлық өнім сапасы бақылаудан өтеді және этикеткада көрсетілген құрамына сәйкестігі тексеріледі.

Кәсіби мамандардың көмегімен тасымалдағаннан кейін, өнімдер Herbalife Nutrition компаниясының Сату орталықтарында мұқият сақталады, сол орталықтардан сіздерге жетеді.

Неге Herbalife Nutrition?

Дұрыс тамақтану негіздері


Herbalife Nutrition өнімдері сіздердің өмірлеріңізді жақсарта түсу үшін арнайы жасалады, дегенмен өзіңнің үздік нұсқаңа айналу жолында нәтижеге қол жеткізу үшін дұрыс тамақтану және белсенді өмір сүру салтын ұстану керек. Мұнда сіздерге негізгі 6 элемент көмектеседі: протеин, витаминдер мен минералдар, пайдалы майлар, жасұнық, фитонутриенттер мен су теңгерімі. Осы элементтерден, жеке жоспардан және біздің мамандарымыздың тұрақты қолдауынан тұратын комбинация барлық кедергілерді жеңу арқылы алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, өз өмірлеріңізді жақсартуға көмектеседі.

Көмек керек пе? Сайтта өтінім қалдыру арқылы сіздер Herbalife Nutrition компаниясының кеңесшісімен байланыста бола аласыздар. Ол сіздерге тегін wellness-тест өткізіп, теңгерімді тамақтану және салмақты қадағалау бағдарламасын қуана әзірлеп береді.

Белсенді және салауатты өмір сүрудің барлық артықшылықтарын сезініңіздер!

Сайт жаңалықтарын қарап жүріңіздер

Жақында біз сіздерге дұрыс тамақтанудың барлық құпиясын ашамыз – сайт жаңалықтарын қарап жүріңіздер!